«Жыр алыбы Жамбыл»
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей той қарсаңында балабақшамызда ұйымдастырылған «Жыр албы Жамбыл» тақырыбында мектепалды топ тәрбиеленушілердің арасында Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп айтудан сайыс өткізілді. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, әділқазылардың шешімімен жеңімпаздар марапатталды. Бас жүлде шағын орталықтың тәрбиеленушісі Есен Камила,бірінші орын «Балбұлақ» тобының тәрбиеленушісі Қанатұлы Алинұр, екінші орын «Бұлбұл» тобының тәрбиеленушісі Хамитова Іңкәр, үшінші орын «Балбұлақ» тобының тәрбиеленушісі Кенжебек Айлана марапатталды. Сайысқа қатысқан барлық балалар түрлі номинациялармен марапатталды.
Мерзімі: 4 ақпан