Тақырыбы: « Жамбыл Жабаев – Ұлы Даланың алып жыршысы »
« Жамбыл Жабаев – Ұлы Даланың алып жыршысы » тақырыбында Жамбыл Жабаевтың 175 жыл толуына орай балабақшамызда педагогтер арасында мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Сайыста әр педагог Жамбыл атамыздың өзіне ұнаған шығармаларын мәнерлеп оқып, бағын сынады. Әділқазылар сайысқа қатысушылардың өнерін тамашалап, әділ шешімдерін шығарды. Әділқазылардың шешімі бойынша І орын- «Ақ сұңқар» тобының тәрбиешісі Косбармахова Аймереке Рахатовна, ІІ орынды екі тәрбиеші иеленді. «Балапан» тобының тәрбиешісі Омарова Айдана Бекболатқызы және «Ақ көгершін» тобының тәрбиешісі Жансеитова Асемгуль Сериковна иеленді. Ал Бершімбаева Нұрзина Бейбітқызы, Буркитбаева Рауан Куанышбековна және Ералы Айнұр Ерғалиқызы шығармашылық қабілеттерін көрсете білгені және белсене қатысқаны үшін марапатталды.
Өткізілген күні: 18.02.2021ж