Тәуелсіз елдің ұрпағымыз

Ұлтымыздың ұлық мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!

Біздің балабақшамыздың кішкентай бүлдіршіндері де Тәуелсіздік мерекесін қуанышпен қарсы алып, көрме ұйымдастырылды. Көрмеге тақырыпқа сай балалар ата-аналарымен бірлесіп жасаған бұйымдарын тарту етті. Көрмеге қойылған әрбір жұмыс қаралып, ең үздіктері марапатталды.

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағымыз келеді.

Өткен күні:15.12.2020ж

Пікір қалдыру

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Петров көшесі, 3/1