Тәрбие мен оқыту үдерісінде ойын терапиясын пайдалану.

Тақырыбы: Тәрбие мен оқыту үдерісінде ойын терапиясын пайдалану.
Мақсаты:
• Балалар ойланады;
• эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілетімен дарыны ұшталады;
• ұжымдық сезімі қалыптасады;
• ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдереді.
Балабақша тәрбиешісі Мустафақызы Маржан шеберлік сыныбымен бөлісті.
Тақырыпты аша отырып салт дәстүрімізбен ұштастырып АСЫҚ терапиясын алдым. Асық терапиясының мектепке дейінгі балалардың дене, психологиялық және әлеуметтік дамуында орны ерекше, сонымен қатар оның көп функционалдық рөл атқаратынына көзіміз жетіп отыр.
1.АРТ-терпия әдісін пайдану арқылы, бала қиялын, ұсақ моторикасын дамыту. Алдын ала дайындалған асықтарды пайдаланып қағаз бетіне акварельмен сурет салу. Мүмкіндігінше қанық бояуларды қолданған дұрыс. Бояулар бірімен бірі қалай араласатынын бақылау. Пайда болған бейнеге ат қою. Аяғында сурет талданады.
2.Құм терапиясы. «Құммен ойын». Құм ойыны арқылы бала қиындықты жене білуді үйренеді, қорқыныш, ұялшақтық сезімнен арылып, өмірді танып біледі. Құмның бетіне асықпен түрлі бейнелер салу арқылы бала өзінің ішкі жан дүниесін, қобалжуын, қорқыныш сезімін жеңе алады.
Қорыта айтқанда, отан сүйгіштіктің негізі ретінде туған жерге, ата дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру қажеттігі айтылады. Сондықтан да біз қазақ ұлттық ойындарын жаңғыртып, асық-терапияны қолданған дұрыс. Бұл балаларды ұйымшылдыққа, достыққа баулиды, оның үстіне ол өте қарапайым әрі қолжетімді».

Пікір қалдыру

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Петров көшесі, 3/1