«Спорт денсаулық кепілі»»Аққу»ортаңғы тобы
«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.»
Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл – ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.
Қазақ халқы « тәрбие басы – тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Жат әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру. Осы орайды негізге ала отырып «Аққу» ортаңғы тобының бүлдіршіндері және ата – аналар бастатқан бір топ «Дені сау – отбасы» іс шарасын қолдайды.
» Аққу»ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Каналбай Аиша және анасы екеуі бұл шараны қолдайды! Спорт денсаулық кепілі.