Астана қаласы әкімдігінің №49 «Алтынай» балабақшасында 2018 жылғы 17-24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған апталық болып өтті
2018 жылдың қыркүйек айының 18 жұлдызында мектепалды даярлық «Балбөбек» және «Бұлбұл» топтары арасында «Угадайка!» атты ребустар мен жұмбақтар сайысы өткізілді.
Мақсаты: Мектепалды даярлық топ балаларына Тілдер мерекесінің маңыздылығын түсіндіріп, тіл туралы заңдарды құрметтеуге, ана тілін шұбарламай, қадірлеуге үйрету. !с-шаралар арқылы ойлау қабілеттерін және белсенділіктерін арттыру.
Балалардың киім үлгісі іс-шараға сай киінген және мемлекеттік әнұранмен бастады.Қажайып сәтке американдық қонақ келіп, балалармен танысты.Туған тілдері және Отанымыз туралы не білетіндерін сурақ-жауап арқылы білді. Балалар келген қонаққа өлең шумақтарын және әсем ән тарту етті.Тіл туралы мақал-мәтелдер айтып жарысқа түсті.Қонақтың алып келген ребустары мен сөзжұмбақтарын белсене шешіп, мың бұралып би биледі.Іс-шара соңында «Нұрорданың бөбегі» атты хормен ағылшын қонағын шығарып салды.Сөзжұмбақ сайысына екі топ балалары да белсене қатысты.
2018 жылдың қыркүйек айының 19 жұлдызында ортаңғы «Айгөлек», «Балбұлақ» және «Балапан»топтары арасында «Тілім менің тірегім!» атты ертеңгіліктер ұйымдастырылды.
Мақсаты:Балалардың ата тіліне деген құрмет, сүйіспеншіліктерін арттыру. Туған жері, тілі туралы білімдерін дамыту.Отанының адал азаматы болуға,елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс-шараға үш топтың балалары қатысты.Киім үлгілері талапқа сай.Іс-шараны гимнмен бастап, сұрақ-жауаптарға жауап берді. Қонаққа орыс халқының өкілі өзінің Қазақстан Республикасы көп ұлтты, тәуелсіз ел екендігі жазылған бейне таспасын алып келді.Келген қонаққа балалар өздерінің өлең шумақтарын, ән-жырларын, мың бұралған билерін тарту етті.Үш топ ортаға кезек-кезек шығып, келген қонаққа ұлттық ойындарымызды көрсетті. Ертеңгілік соңында «Әрқашан күн сөнбесін» әнін шырқап, қонақты шығарып салды.
2018 жылдың қыркүйек айының 20 жұлдызында ересектер «Ақ көгершін» және «Айналайын» топтары арасында «Ана тілің арың бұл….» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Мақсаты:Балаларға ана тілдің қадір –қасиетін ұғындыру.Тілдерге деген құрметтерін арттыру.Өз отанын, туған жерін, ана тілін құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Мәнерлеп оқу сайысына екі топтың балалары қатысты.Киім үлгілері талапқа сай.Іс-шараны гимнмен бастап, сұрақ-жауаптарға белсене жауап берді. Қазақстан Республикасы көп ұлтты, тәуелсіз ел екендігі жазылған бейне ролликті тамашалап, жақсы әсерге ие болды. Өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, ән-жырларын, мың бұралған билерін тарту етті.Екі топ ортаға кезек-кезек шығып, ұлттық ойындарымызды көрсетіп, мақал-мәтелді жалғастыра білді. Сайысқа белсене қатысқан балалар алғыс хатпен марапатталды.Іс-шара соңында қатысушы топ балалары «Тілім менің-Ана тілім» әнін шырқады.
2018 жылдың қыркүйек айының 24 жұлдызында педагогтар арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты дебат ұйымдастырылды
Мақсаты: педагог мамандардың тілдер туралы ой-пікірлерін ортаға салып, өз ана тілдеріне деген құрметтерін арттыру
Барысы:
- Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
- Мақал- сөздің мәйегі
- Білім беру мазмұнындағы үш тілділік
- Сөз тапқанға қолқа жоқ
Педагогтар өте қызығушылықпен қатысып, өз ойларын еркін ортаға салды. Өздерінің ана тілдеріне деген құрметтерінің жоғары екендігін және көп тілді білгеннің артықтығы жоқ екенін дәлелдеп шықты.