Тақырыбы: «Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын!!!»
Жас жеткіншектерді Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға-апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге – қызмет етуге, адамгершілікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатындағы «Ұлы Жеңіс жасасын!!тақырыбындағы іс- шарамыз өтті.
Ертеңгілікте «Ақ көгершін» ересек тобының бүлдіршіндері «Жеңіс келді», «Жауынгер сапқа тұр» әндерін орындады. Балалар қолдарындағы гүл шоқтарын «Мәңгілік алау» монументіне барып батырларымызды еске алып, бір минут үнсіздіктен кейін, гүлдерін қойды. Қыз балалар «Синий платочек» биін билеп, ұл балалар , «Сарбаз» биін биледі. Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған тақпақтарын айтып, «Шеру», «Бекініс салу» ойындарын қызыға ойнады.
Сіздерді Отан қорғаушылар күні – жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймын!