«Ойнайық та, ойлайық» ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Қаңтар айының 15 күні «Балбөбек» ересек тобында жоспарға сәйкес «Ойнайық та, ойлайық» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өткізілді. Топ тәрбиешісі педагог-сарапшы Балабекова Жанат Үсенқызы балалардың  ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық» бөлімдерін кіріктіре отырып, түрлі тапсырмалар арқылы балалардың білімдерін шыңдай түсті. Балалар берілген тапсырманы қызығушылықпен белесене қатысып орындады. Бұл ашық оқу қызметінде түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды .Соның ішінде балаларды қызығушылығын арттырып, шығармашылығын шыңдай түсіп, ойлау қабілетін арттыра білген ол  «Фребль сыйы» дамытушы ойынын қолдану әдістемесі болды. Балалақша педагогтары әр оқу қызметінде жаңа инновациялық технологияларды қолданып, баланың дамуына үлестерін қосуда.

Мерзімі: 15.01.2021ж

Пікір қалдыру

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Петров көшесі, 3/1