N49 Алтынай бала бақшасы Мектепалды топтары Наурыз мерекесін тойлады.

N49 Алтынай бала бақшасы Мектепалды топтары Наурыз мерекесі Тақырыбы «Наурыз айы туғанда» Мақсаты: Балаларға халқымыздың мейрамдарының бірі – Наурыз туралы түсінік беру. Балаларды ұлтжандылыққа, ана тілін құрметтеуге, халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Ежелгі заманнан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін 22 наурызға, жер бетін тіршілік біліне бастайтын мезгілмен тұтас келетін мереке. 21 наурыз даланы халқымыздың діни түсінігі бойынша Қыдыр ата аралайды. Сондықтан әр отбасына дәулет дарып, бақ қонсын деген түсінікпен есіктерін ашып қойған. Наурыз негізінен адамдардың көрісуімен басталады.

 

Пікір қалдыру

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Петров көшесі, 3/1