Балабақшамызда ЭкоПластик акциясы аясында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ата-аналар мен балалар пластиктен жасалған түрлі бұйымдар жасап ұсынды. Пластиктен сөмкелер, дидактикалық ойындар, әр түрлі құтылар және т/б бұйымдар жасалды. ЭкоПластик акциясына белесене қатысқан ата-аналарға алғысымыз шексіз.
Бұл көрменің мақсаты жарамсыз қалған пластиктерді іске асыру және дұрыс пайдалану, балаларға үнемдеуді дәріптеу болатын. Осы акция барысында балалар әрбір затты пайдаға асыруға болатынын ұғынып түсінді.