Іс-шаралар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар аясында «Тәуелсіздік жасай берсін мәңгілік» атты кітап уйірмесі ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар аясында «Тәуелсіздік жасай берсін мәңгілік» атты кітап уйірмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: тәрбиеленушілердің қазақ ертегілерінде деген қызығушылығын оятып, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын молайту. Видео сілтеме үшін осында басыңыз

Толығырақ оқу

Ұлттық ойындар арқылы бала денсаулығын нығайту, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру, патриотизмге баулу

Астана қаласы №49 «Алтынай»балабақшасының 30.11.2022жылғы №2 педагогикалық кеңесі болып өтті. Тақырыбы: Ұлттық ойындар арқылы бала денсаулығын нығайту, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру, патриотизмге баулу. Мақсаты: Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда ұлттық ойындар арқылы денсаулығын нығайту, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру, патротизмге тәрбиелеу жолдарын қарастыру.

Толығырақ оқу

“Сиқырлы математика” атты ойын-сауық ұйымдастырылды

«Сиқырлы математика” тақырыбында,ересек және мектепалды даярлық топтары арасында ойын – сауық ұйымдастырылды!

Толығырақ оқу

Рәміздер күні құтты болсын!

IMG_2723 4 маусым , Қазақстан Республикасының Рәміздер күні құтты болсын! Желбіреген көк туымыз, Еркіндіктің белгісі. Қандай әсем жер-суымыз, Тудың көркем көк түсі. Желбіресін жерімізде, Қыран құстай қалықтасын. Күн де күліп көгімізде, Қараудан еш жалықпасын.

Толығырақ оқу

Қалалық сенбілік жұмыс!

📍Балабақшамызда 23.04.2022 күні сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке тәрбиешілер мен барша қызметкерлер бірлесе ат салысты. Балабақша ауласын қоқыстардан тазартып, ағаштарды абаттандыру жұмыстары, ұйымшылдықпен көтеріңкі көңіл-күймен атқарылды!🌳🌱

Толығырақ оқу

20.04.2022 ж балабақшамызда «Зерттеу әдістері арқылы креативті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

20.04.2022 ж балабақшамызда «Зерттеу әдістері арқылы креативті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың креативті ойлауын дамытуда зерттеу әдістерін көрсету.

Толығырақ оқу

“Алғырлар, тапқырлар сайысы” интеллектуалдық ойыны өткізілді!

📍Мектепалды даярлық, шағын орталық бүлдіршіндерінің қатысуымен “Алғырлар,тапқырлар сайысы” интеллектуалды ойыны өткізілді!📖📚📝🧑🏻‍🎓👩🏼‍🎓👩🏻‍🎓 . 📌Мақсаты: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру.Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау.Тез және дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру.

Толығырақ оқу

Жол ережесін сақтайық!

Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен педагогтардың, үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен, жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен) таныстыруды жүзеге асыру көзделген. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепке дейінгі ұйымда…

Толығырақ оқу

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Петров көшесі, 3/1