Біздің балабақшамыздың кішкентай бүлдіршіндері Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл және ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы мерей тойы қарсаңында өткізілген III республикалық «Дала әуені» атты балалар мен жас өспірімдер арасында онлайн шығармашылық байқауына қатысқан «Хор» аталымы бойынша «Алтынай» хоры Бас жүлде Дипломмен марапатталды. Кішкентай өнерлі бүлдіршіндерімізді жеңісімен құттықтап, тек биіктен көрініп, болашағымыздың жарқын жұлдыздары болуына тілектеспіз. Бұл жеңіс ата-аналар мен тәрбиешілердің және осы хорды дайындаған музыка жетекшісі Арайлым Хамитқызының атсалысуы мен тынымсыз еңбегінің арқасында жетіп отыр. Балабақшамыздың жеңісті күндері көп болсын!