Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан- 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бүгінгі таңда елімізде үлкен ағалардан кішкентай балаларға дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.Балабақшадан бастау алған бұл іс-шараға «Аққу» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Жомарт Қожаахмет пен анасы екеуі » Бірінші байлық -денсаулық » деп ұрандата отырып , қолдау көрсетті.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған. «Аққу» ортаңғы тобының бүлдіршіні Рахмет Анель және әкесі екеуі » Спорт -денсаулық кепілі» деген ұстаныммен іс-шараны қолдайды! Барлығымыз бір адамдай ат-салысуға , спортпен шұғылдана отырып денсаулықты нығайтуға Алтынай балабақшасының «Аққу» ортаңғы тобы қолдауға шақырады!!!??????️⛹️???????️??⛷️?????
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа бөлсең, ауруға шалдығу қаупі 30%-ға азаяды. Спорт жаттығулары ағзаның иммунитетін көтереді, сол себепті спортпен шұғылданатын адамдар, вирустық инфекцияларға бейім болмайды. Физикалық белсенділік қан тамырларына жағымды әсер етеді. Спорттың қыр-сырын және оның адам ағзасына пайдасын біліп, күнделікті спортпен белсенді айналысуды әдетке айналдырған және көпшілікке үлгі боларлықтай ой салдырған «Аққу» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Омарбек Арыстанның отбасына алғыс айтамыз! ?????⛷️???️??????⛹️?️??