БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Астана қаласының №49″Алтынай» балабақшасында мектепке дейінгі жастағы балалардың креативтілігін арттыру мақсатында «Зерттеу әдістері арқылы креативті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Іс—шара барысында мектепалды топтары тәрбиеленушілерімен ұйымдастырылған іс—әрекет барысында креативті ойын әрекеттерін, зерттеу әдістерін көрсетті. Ғарыш әлеміне саяхат жасап, ғаламшарларды, күнді және кемпірқосақтың пайда болуын, ұлттық музыкалық аспаптардың бірі жетігенді зерттеді. Сонымен қатар семинар-практикумге келген қатысушылармен түрлі зерттеу әдістерін жасап шеберлік сынып ұйымдастырылды.
Іс—шараға Астана қаласының мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері және педагогтері қатысты.

 

Видеоматериал сілтемесі үшін осында басыңыз

Пікір қалдыру

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Петров көшесі, 3/1