
БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Астана қаласының №49″Алтынай» балабақшасында мектепке дейінгі жастағы балалардың креативтілігін арттыру мақсатында «Зерттеу әдістері арқылы креативті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Іс—шара барысында мектепалды топ тәрбиеленушілерімен қызықты тәжірибе жүзінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ғарыш әлеміне саяхат жасап, ғаламшарлардың күнді айналуын, кемпірқосақтың пайда болуын, ұлттық музыкалық аспаптардың бірі жетігенді зерттеді. Сонымен қатар семинар-практикумге келген қатысушылармен түрлі зерттеу әдістеріне шебер-сынып ұйымдастырылды.
Іс—шараға елордалық мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтері қатысты.