“Ақ көгершін” ересек тобы🕊
📍Экологиялық білім беруде,дидактикалық ойынның маңызы!
Ойын – негізінен, балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ, балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншлік сезіміне тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.