1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Құрметті ардагерлер!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.

«Аққу» тобының тәрбиеленушісі Марғұлан Дария әжесімен осындай қызық видео жасап жіберіпті. Қазақ халқында баяғыдан келе жатқан тоқыма өнерін насихаттап, балаларымыздың бойына осы бір тамаша өнерді сіңіріп, көрсетіп, үйретіп жатқанынызға мың алғыс! Ата-әжелеріміз аман болсын!

 

«Тәні саудың-саудың жаны сау» демекші тәтті балапанымыз Рахимова Сара сүйікті әжесімен жаттығулар жасап денелерін шынықтыруда. Дендерңіз сау болсын!

Пікір қалдыру

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Петров көшесі, 3/1