1-маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні балабақшамыздың ауласы мерекелік жалаушалар, шарлармен безендірілді.Мерекеде тәрбиешілер мен бүлдіршіндер бірге өнер көрсетіп, би биледі. Тәрбиешілер балалармен әр-түрлі ойындар ұйымдастырып, эстафеталық жарыстар өткізіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мереке соңында әр топтың балалары «Біз бақытты балдырған» -тақырыбында асфальтта сурет салды.
«Ақ көгершін»ересек тобы.
Балабақша ұжымына рахмет балапандарға өте тамаша көңіл күи сыйладыңыздар ??
Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл