Балабақшаның негізгі техникалық мәліметі, материалдық базасының мінездемесі
Астана қаласы әкімдігінің №49 «Алтынай» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Пайдалануға берілген уақыты – 2010 жыл.
- Бала ауқымы – 200 бала;
- Мекеме тиесілігі – Астана қаласы әкімдігі;
- МДМ түрі – жалпы даму үлгісіндегі балабақша;
- Басты қызметі – тәрбиелеу мен оқыту;
- Негізгі қызметі – дамыту мен сауықтыру.
Балабақшадағы оқу тәрбие қызметі мемлекеттік қазақ тілінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілі оқу жоспарына сәйкес, кіріктірілген білім салаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілі оқу бағдарламасымен жұмыс жасайды.
Топтар
Жас ерекшеліктеріне қарай төмендегідей топтастырылған:
- Кіші топ – 1
- Ортаңғы топ – 2
- Ересек топ – 4
- Мектепалды даярлық топ – 3
- Шағын орталық – 2
- Материалдық –техникалық база: МДМ тиісті жабдықтармен, жиһаздармен, ойыншықтармен, техникалық құралдармен, оқыту кезінде қолданылатын әдебиеттермен қамтамасыздандырылды. Екі әдіскер кабинеті компьютерлендірілген. Тұзды шахта арнайы құралдармен жабдықталған.
- Мектеппен сабақтастығы: Жылдық жоспарға сәйкес, мектеп және дайындық топтар арасында байланыс жасау, педагогтармен қызметтік тәжірибе алмасу.
- Балаларды оқытуда тәрбие технологиясының түрі – ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Базистік оқу жоспарының сағат сандары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келеді.
- Кіші топ – 9 сағат,
- Ортаңғы топ – 11 сағат, вариативтік компонент – 1 сағат
- Ересек топ – 12 сағат, вариативтік компонент – 2 сағат
- Мектепалды даярлық топ – 17 сағат, вариативтік компонент – 3 сағат